Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 26 адам қаза болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
1 қарашадағы деректерге сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының жаңадан 180 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. 242 адам емделіп шықты.
Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан биылғы 1 қарашаға дейін: ауырғандар саны – 79839, өлім-жітім – 5049, жазылып шықты – 69184 науқас. Сондай-ақ 1 қарашадағы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясынан Қазақстанда 19 адам қайтыс болды.
2020 жылдың 13 наурызы – 2021 жылдың 2 қарашасы аралығында коронавирустың 943 105 оқиғасы анықталды. Қайтыс болды – 12 152 адам.