Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қанша мемлекеттің қанша медаль алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан құрамасының бес боксшысы ширек финалда сүрініп, тиісінше бес саңлағымыз жанкүйерлерге медаль сыңғырын естіртті. Олар: Теміртас Жүсіпов (48 кило), Сәкен Бибосынов (51кило), Махмұд Сабырхан (54кило), Серік Теміржанов (57 кило), Абылайхан Жүсіпов (67 кило).
Қазақстаннан бөлек Куба және Ресей елдерінің де қоржынында бес жүлде бар. АҚШ пен Тайланд құрамасы – төрт, Франция мен Әзербайжан – үш, Грузия, Жапония, Беларусь, Өзбекстан және Италия құрамалары екі жүлдені қанағат тұтты.