Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің жаңа ресми өкілі тағайындалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі болып соңғы үш жылда халықаралық ұйымның қоғамдық ақпараттар департаментінде жаңалықтар бөлімін басқарған Стефан Дуджаррик тағайындалды.
Бас хатшының қазіргі ресми өкілі Мартин Несирики өз қызметін биылғы жылдың 7 наурызына дейін атқаратын болады. Бұл қызметте 2009 жылдың желтоқсан айынан бері еңбек етіп келе жатқан ол ресми өкіл болудың айрықша мәртебе екенін атап өтті.
БҰҰ-да қызмет атқармас бұрын Мартин Несирики Венада Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымының баспасөз қызметін басқарған. Сондай-ақ 20 жылан аса журналист болып қызмет атқарған ол Мәскеуде «Рейтер» агенттігінің тілшілер бөліміне жетекшілік еткен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com.
Фото: Itar-tass.com.