Қазақстан құрамасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаевтың шотландиялық Риз Линчке қарсы ширек финалдағы жекпе-жегінде төрешілердің шешіміне шағымданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық команда осы жекпе-жектің нәтижесін аппеляцияға берді. Бұл туралы Instagram-да бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев жазды.
Еске сала кетейік, Төлтаев пен Линчтің 1/4 финалдағы 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі айқасында шотландиялық боксшы жеңіске жетті (3:2), бірақ бұл шешім дау тудырған болатын.