• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қараша, 2021

Түркістанда киіктің мүйізін сатқан браконьер сотталды

391 рет
көрсетілді

Сарыағаш АПБ-не белгілі бір тұрғын ақбөкен мүйізін сатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер бұл фактіні ҚР ҚК-нің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдік немесе жануар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері браконьерді ұстады. Ер адам Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты. Ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Тінту барысында Қызыл кітапқа енген киіктің 150 мүйізі табылды. Шығын сомасы шамамен бес миллион теңгені құрады. Жиналған сотқа дейінгі тергеу материалдары айыптау актісімен бірге тергеушілер заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Нәтижесінде, сот қаулысымен сотталушыға бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындар мен қонақтарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға және «Қызыл кітапқа» енгізілген, құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктерге жанашыр болуға шақырады.