• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 03 Қараша, 2021

Нокауттан ес жимаған күйі көз жұмды

600 рет
көрсетілді

Зимбабве елінің боксшысы Таурай Зимунья отандасы Тинаше Маджониге қарсы өткізген жекпе-жекте ауыр нокаут алған болатын. Сол нокауттан ес жимаған күйі боксшы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

23 жасар боксшыны Маджони үшінші раундта есінен тандырған еді. Зимунья сол күйі ес жия алған жоқ. Оған дәрігерлер келгенге дейін де көмек көрсетілген. Кейіннен боксшы ауруханаға жеткізілді. Алайда аурухана палатасында боксшы көз ашпаған күйі о дүниеге аттанып кетті. Алдын ала тараған мәліметтерге сенсек, спортшы миына қан кетуіне байланысты қайтыс болған.