Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жаңа жылға қарай Қазақстанда азық-түлік бағасы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қытай тауарларын өткізе алмай жатқандықтан, саудагерлер жаңа жыл қарсаңында бәрі қымбат болады дейді. Ұлттық экономика министрлігі қандай да бір шаралар қабылдай ма?», деп сұрады журналистер Ұлттық экономика министрінен.
«Қытай мен шекара мәселесі біздің ведомствомен байланысты емес. Бағаның өсуі бойынша - маусымдық ауытқулар бар, олар желтоқсан айында барлығы жаңа жылдық мерекелерге дайындалуда. Сондықтан белгілі бір азық-түлік өнімдерінің бағасы өсуде», деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.
Сондай-ақ ол дүкендерде нан мен картоптың қанша тұратынын айтты.
«Нан түріне қарай 130 теңге тұрады. Картоп - шамамен 425 теңге», деп жауап берді Ерғалиев.