• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Қараша, 2021

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 23 адам қаза тапты

221 рет
көрсетілді

Пәкістанның бақылауындағы аймақта жолаушылар автобусының жол апатынан 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Равалпиндиге бара жатқан 30-дан астам жолаушысы бар автобус Палландри қаласы маңындағы  шатқалға құлаған.

Апаттың нақты себептері анықталуда. Оқиға орнында іздеу-құтқару топтары жұмыс істеп жатыр.