• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 04 Қараша, 2021

Бензема «Реалдың» мыңыншы голын соқты

222 рет
көрсетілді

Футболдан чемпиондар лигасының төртінші тур ойындары аяқталды. Топтық кезең ойындары енді бел ортасынан ауған шақта бірнеше команда 1\8 финал жолдамасын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірінші болып Ұлыбританияның «Ливерпуль» футбол клубы 1\8 финалға мерзімінен бұрын шықты.

«Энфилд» стадионында өткен ойында алаң қожайындары 2:0 есебімен испаниялықтарды қапы қалдырды.

Германияда Дортмундтың «Боруссия» футбол клубынан 3:1 есебімен басым түскен Нидерландының «Аякс» футбол клубы да уақытынан бұрын 1\8 финалға жолдама алды.

Сондай-ақ бұл турда Мадридтің «Реалы» Украинаның «Шахтер» командасын қабылдап, қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті.

Корольдік клубтың шабуылшысы Карим Бензема «Реалдың» турнирдегі мыңыншы голын соқты.