Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Нұр-Сұлтан-Алматы жолын қайта жаңартуды 2023 жылы аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ірі шалғай моноқалалар үшін олардың басқа өңірлерімен стратегиялық көліктік байланысын қамтамасыз ету қажет. Мен 2023 жылы Балқаш қаласының әлеуетін едәуір арттыратын Нұр-Сұлтан-Алматы жолын қайта жаңғыртуды аяқтауды тапсырдым», деді Мемлекет басшысы.