Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жартылай финалға жеткен бес боксшымыздың ішінен бірінші болып рингке көтерілген 48 кило салмақтағы үмітіміз Теміртас Жүсіпов Белоруссия боксшысы Евгений Кармильчиктің мысын басты. Шаршы алаңда шеберлігін толығымен көрсете білген Теміртас қарсыласына жойқын соққыларын дөп тигізіп, жеңіске жетті. Енді ол әлем чемпионы атануға күш салатын болады.