• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Бокс 05 Қараша, 2021

Кубалықты нокдаунға түсіріп, финалға шықты

6640 рет
көрсетілді

Бокстан Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Серік Теміржанов жартылай финалдық жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

57 кило салмақ дәрежесінде рингке көтерілген қазақ боксшысы Серік Теміржанов куба оғланы Освел Кабальеромен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы барын салып бақты. Тіпті кубалықты бірінші раундта нокдаунға түсіріп үлгерді. Осылайша өзінің шын мықты екенін дәлелдеген Серік Теміржанов финалға шықты.