• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қараша, 2021

«Талибан» Ауғанстанда шетел валютасына тыйым салды

209 рет
көрсетілді

«Талибан» қозғалысы Ауғанстанда шетел валютасын пайдалануға тыйым салды. Сарапшылар бұл қадам құлдырау алдында тұрған экономикаға одан әрі нұқсан келтіруі мүмкін деп есептейді.

«Елдегі экономикалық жағдай мен ұлттық мүдделер барлық ауғандықтардан саудада отандық валютаны қолдануды талап етеді», дейді талибандар.

«Талибан» билікті өз қолына алғаннан кейін халықара­лық қаржылық қолдаудың тоқтатылуына байланысты елдегі экономикалық жағдай тығырыққа тірелген.

Осыған дейін АҚШ доллары Ауғанстан нарығын­да ке­­ңі­­нен қолданылып келген. Сондай-ақ доллар Пә­­кі­­с­­тан сия­қ­ты Ауғанстанның көршілерімен шекара­лас ау­дан-

­­дарда сауда жасау үшін де жиі қолданыста болған.

«Ислам әмірлігі барлық азаматтарға, дүкен иелеріне, саудагерлерге, кәсіпкерлерге және жалпы жұртшылыққа Ауғанстанның барлық қаржылық операцияларын жалғастыруға және шетел валютасын пайдаланудан қатаң бас тартуға нұсқау береді», деді «Талибан» өкілі Забихулла Мужахида интер­нетте жариялаған мәлім­де­месінде. Ал бұйрықты орында­маған кез келген адам сот алдында жауапқа тартылады.

Тамыз айында «Талибан» билігі елді бақылауға алғаннан кейін, АҚШ Федералды резервтік жүйесі мен Еуропаның орталық банктері Ауғанстанның шетелдік активтерін, яғни миллиардтаған долларын «қатырып» қойған. Ал талибандар елде қолма-қол ақша тапшылығына тап болғанда, шетелде сақтал­ған Ауғанстан активтерін босатуды талап еткен.

Ауғанстан, сондай-ақ шетелдік көмек пен қайы­рым­дылық жобаларынан да айырылды. Шетел­ден келген гранттар бұған дейін мемлекеттік шығындардың төрттен үшін қаржыландырып келген екен.

Осы жылдың басында Халықаралық валюта қоры (IMF) Ауғанстан бұдан былай өз ресурстарына қол жеткізе алмайтынын мәлімдеді, ал Дүниежүзілік банк елдегі жобаларды қаржыландыруды тоқтатқан.