Алматы қаласында бір тәулікте 2871 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«4 қараша күні 2871 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 994, II компонентін 1877 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 4 қараша аралығында қалада 1 000 485 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 948 425 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 811 адамның жасы 60-тан асқан», деп хабарлады басқармадан.
Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.