• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қараша, 2021

Биыл 100 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі

483 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жайлы тұрғын үй» жобасы аясында тұрғын үй құрылысына 13,5 трлн теңге инвестиция тартылады», деді Әсет Ерғалиев ОКҚ брифингінде.

Атап айтқанда, 185,1 мың адам үшін жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу шығыстарын субсидиялау, 102,3 мың бірлік әлеуметтік жалға беру және кредиттік тұрғын үй салу, жұмыс істейтін жастар үшін 15 мың бірлік тұрғын үй салу, сондай-ақ ауылда 2,9 мың жалға беру үйін салу бойынша жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау көзделген.

«Жалпы, 103 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі. 235 мың жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі», деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.