Елімізде коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 27 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
4 қарашадағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 116 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді, 176 адам емделіп шықты.
2020 жылғы 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 80184, қайтыс болды – 5065, жазылып шықты – 69692 адам.
Сондай-ақ министрлік дерегі бойынша 2020 жылдың 13 наурызынан биылғы 5 қарашаға дейін елімізде коронавирус инфекциясы 947 250 адамнан анықталды, жазылып шықты - 899 028, қайтыс болды – 12 225. 4 қараша күні көз жұмғандар саны – 21.