• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 06 Қараша, 2021

Қазақстан Елшісі Кипр Президентіне Сенім грамоталарын тапсырды

312 рет
көрсетілді

5 қарашада Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Кипр Республикасының Президенті Никос Анастасиадиске сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, Президент сарайында өткен салтанатты рәсім барысында Елші Н.Анастасиадиске Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілегін жеткізді және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атай отырып, елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті.

«COVID-19 пандемиясымен күресте екі елдің ынтымақтастығы мен өзара табысты іс-қимылын атап өте отырып, С.Бұршақов Президентке Кипр үкіметі мен компанияларының Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық және медициналық көмек үшін алғыс білдірді. Президент Анастасиадис елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың деңгейін жоғары бағалай отырып, Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығын дамытуға қолғабыс көрсетуге дайындығын білдірді және Қазақстан Президентін Кипрға сапармен келуге шақырды», делінген ведомство мәліметінде.