Американың Хьюстон қаласында (Техас штаты) Astroworld музыкалық фестивалінде 300-ге жуық адам тапталып қалған, сегізі қаза тапты, деп жазады Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Оқиға фестивальдің алғашқы күні – жұма, жергілікті уақытпен сағат 21:15-те рэпер Трэвис Скотт өнер көрсетіп жатқанда болды. Скотт өнер көрсетіп жатқанда көрермендер сахнаға қарай жылжи бастаған. Салдарынан адамдар кептеліп, дүрбелең басталған.
17 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 11-інде жүректің тоқтауы болды. Кейінірек 8 адамның көз жұмғаны анықталды. 300 адам түрлі жарақат алған. Houston Chronicle газетінің жазуынша, Трэвис Скотт концертті бірнеше рет тоқтатып, күзетшілерден сахна маңындағы көрермендердің амандығына көз жеткізулерін сұраған.
Концертте барлығы 50 мың көрермен болған. Ұйымдастырушылар жексенбіге жоспарланған концертті өткізбейтін болды.