• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 06 Қараша, 2021

Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

194 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, өңірдің солтүстігінде, солтүстік-батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстікте және облыс орталығында 15-20, күндіз ал солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Түркістан облысының тау бөктерінде және оңтүстік аудандарында 7 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Шымкентте 7 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.