Қазақ боксшылары Белградтағы әлем чемпионатын 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады. Соңғы болып рингке көтерілген 57 кило салмақтағы үкілі үмітіміз Серік Теміржанов күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ боксшысы Жамал Харвимен жұдырықтасқан Серік Теміржанов үш раунд бойы сенімді қимылдағанымен, қарсыласы да қарап қалған жоқ. Ол да жойқын соққыларын дарыта білді. Тартысты өткен жекпе-жек АҚШ боксшысының пайдасына шешілді.