• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Өнер 07 Қараша, 2021

Қазақстандық брейкер әлем чемпионы атанды

330 рет
көрсетілді

Өз саласында B-Boy Mig деген лақап атпен танылған қазақстандық Әмір Зәкіров Red Bull BC One брейкингтен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық брейкинг шебері ақтық сынға қатысқан 16 үміткердің арасында үздік деп танылды.

Шешуші сайыста ол Канададан келген Philkwizard-қа қарсы шыққан болатын. Әлемнің түкпір-түкпірінен брейкерлердің басын қосқан жарыс Польшада өтті. Red Bull BC One – әлемдегі ең ірі және беделді брейкинг жарысы. Жарыстан әлеуметтік желі арқылы 7 тілде көрсетілім жүргізілді.