Ақмола облысында жекеменшік үйде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан үй иесі көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола ТЖД-не сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 7 қарашада Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында болған.
Жеке тұрғын үй аумағында автономды газбен жылыту жүйесі орнатылған. Үй иесі даладағы газгольдер (газ сақтағыш) құдығын ашқан кезде газ-ауа қоспасы жарылған. Бірақ өрт шықпаған.
«Оқиға орнында 1948 жылы туған үй иесі көз жұмды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар департаменті халықты қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға үндеді.