• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қараша, 2021

Иран Парсы шығанағында әскери жаттығуға кірісті

387 рет
көрсетілді

Иран әскерилері Парсы шығанағының сағасында жаттығу жұмыстарын бастады, деп жазады Egemen.kz. 

Жаттығулар Ормуз бұғазының шығыс бөлігінен Үнді мұхитының солтүстігі мен Қызыл теңіздің бір бөлігіне дейінгі аумақты қамтиды.

Бұл туралы адмирал Махмуд Мусавидің мәлімдемесінде айтылған.

Иран жағалауындағы әскери жаттығулар елдің әскери қуатын және дұшпандарға қарсы тұруға дайындығын көрсетуге арналған.

Әскери оқу-жаттығуларға кемелерді, броньды машиналарды, ұшқышсыз ұшақтарды, зымырандық және радиолокациялық жүйелерді тарту жоспарлануда. 

М.Мусави әскери жаттығулардың шамамен 1 миллион шаршы шақырым аумақта өтетінін айтты.