• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Футбол 09 Қараша, 2021

Ірі есептер тіркелді

205 рет
көрсетілді

Өткен аптаның аяғында футболдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың жартылай финалдық ойындары басталды. Алғашқы екі бәсеке Нұр-Сұлтанда өтті.

«Астана» мен «Қайрат» арасындағы кездесуді тамашалауға келген жан­күйер­лердің бірінші таймда іштері әбден пыс­қаны анық. Өйткені жарты сағаттан аса екі команда тек аңдасумен уақыт өткізді. Ешқайсысы ойын тізгінін қолға алуға асық­қан жоқ. Тек алаң иелерінің қор­­ғау­шысы Антонио Рукавинаның тепкен добы маң­дайшаға тигеннен кейін барып қана бәсеке қыза түсті. Бірінші тайм­ға төреші бес минут қосқанымен, ойын одан да ұзаққа созылды. Сол сәтте Раде Ду­галич есеп ашып үлгерді. Үзіліс­тен кейін қо­нақтар тағы екі гол соқты. 67-минутта Хосе Канте, 72-минутта Ар­тур Шу­шенчаев ны­сананы дәл көз­деді. Сөй­­тіп, бұл матч 3:0 есебімен «Қай­рат­тың» жеңісімен аяқ­талды.

«Шахтер» мен «Тобыл» арасындағы бәсекеде де ірі есеп тіркелді – 5:2. Қараған­дылықтар сапынан Идрис Умаев дубльдің авторы атанса, Давид Атанаскоски, Дэвид Мавутор және Айдос Тәттібаев бір реттен мергендік танытты. Қостанайлықтар арасынан Асхат Тағыберген мен Игорь Сергеев гол соқты.