Биткоин сауда сессиясы барысында 4,69%-ға өсіп, $68,230 мың белгіге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Осылайша, биткоин бағасы тарихи көрсеткішті қайта жаңартты.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, биткоин 4,82%-ға дейін өсіп, 68,354 мың доллар деңгейіне жетті.
Биткоин – бұл жүйенің кез келген пайдаланушысы өндіре алатын блокчейн технологиясына негізделген орталықтандырылмаған криптовалюта жүйесі. Ол үшін жүйенің жаңа блоктарын жасау керек. Жүйенің тұжырымдамасы 2008 жылдың қарашасында жарияланды. Оның авторы – Сатоси Накамото.
Биткоиннің танымалдылығының шыңы соңғы жылдары ғана байқалды. Биткоиннің шығарылуы табиғи түрде шектеулі, қазіргі уақытта биткоиндердің көп бөлігі «өндірілген».