Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың қазан айында тұрғын үй нарығындағы бағаның қалай өзгергенін есептеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бір ай ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,9%-ға, ал абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату 1,2%-ға өсті.
Орташа алғанда республика бойынша бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы алаңының бір шаршы метрінің құны 352 654 теңгені құрады. Бағаның өсуі 2020 жылдың қазанымен салыстырғанда 14,6%-ды құрады.
Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы бір айда 0,9%-ға жоғары болып, бір жыл ішінде 16,9%-ға қымбаттады.