Мемлекет басшысына сот жүйесін жаңғырту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жоғарғы сот төрағасы Мемлекет басшысына Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен кейінгі 4 ай ішіндегі нәтижелер туралы баяндады. Оның айтуынша, жаңа кодекстің енгізілуі шенеуніктердің тәртібін күшейтуге бағытталған.
Қабылдау барысында, Жақып Асанов Президентке дау-жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобаларды ілгерілету, біркелкі сот тәжірибесін және қылмыстық процесте тараптардың шынайы жарысын қамтамасыз ету жөнінде егжей-тегжейлі айттып берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін толық қамтамасыз етуі, азаматтардың құқықтарының қорғалу деңгейінің артуына септігін тигізуі және биліктің сот тармағына деген қоғамның сенімін күшейтуі қажет екенін атап өтті.