Желтоқсан айында қазақстандықтарда 20 жұмыс, 11 демалыс күні болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні, сондай-ақ 16 және 17 желтоқсан күндері қазақстандықтар еліміздің Тәуелсіздік күнін тойлайды. Бес күндік жұмыс аптасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары 4 күн қатарынан – 16, 17, 18 және 19 желтоқсанда демалады және жұмысқа тек 20-сында шығады.