• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 09 Қараша, 2021

Манел Кап: Мен Боратты аямаймын!

363 рет
көрсетілді

Анголалық аралас жекпе-жек шебері Манел Кап қазақ спортшысы Жалғас Жұмағұловқа тіл тигізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

UFC Fight Night 199 турнирі аясында Лас-Вегаста өтетін жекпе-жек кешінде Жалғас Жұмағұлов Манел Капқа қарсы сегізбұрышқа шығатыны мәлім. Кездесу АҚШ уақытымен 4 желтоқсан, Қазақстан уақытымен 5 желтоқсан күні өтеді. Өзін жарнамалау жолында ештеңеден аянбаған анголалық спортшы өзінің инстаграмдағы аккаунтында: «4 желтоқсан күні мен Боратты мүлде аямаймын» деген жазба қалдырды. Қағынған Капты Жалғас сабасына түсірсе дейміз.