АҚШ-та бес жастан 11 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
РБК 8 қарашадан бастап АҚШ-та 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау науқаны басталғанын жазады. Оларға Pfizer-BioNTech вакцинасы егіледі.
АҚШ билігі 28 миллион балаға вакцина жеткізуді қамтамасыз етті. Дозалар үш апта аралықпен бөлінеді.
12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Pfizer және Biotech вакциналары осы жылдың мамыр айында мақұлданды.
3 қарашада АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға Pfizer-BioNTech вакцинасын қолдануды ресми түрде мақұлдады.