10 қарашада еліміздегі 5 өңірінде ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.
Оңтүстік-батыстан жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Петропавлда қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
10 қарашада күндіз Ақтөбе облысының солтүстігі, батысында қатты жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады.
10 қарашада күндіз Маңғыстау облысының батысында тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.
Ақтауда желдің екпіні 15-18 м/с жетуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Сондай-ақ Оралда да тұман түседі деп болжануда.
Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында да оңтүстік-батыстан жел соғады.