• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қараша, 2021

Табысты өнер көрсетті

121 рет
көрсетілді

Татарстанның Қазан қаласында үстел теннисінен Ресейдің ашық коман­далық чемпионатының бірінші туры аяқталды.

Қазақстанның ТТС «Астана» клубы осы жарыста өте керемет өнер көрсетті. Құрамында Сарвиноз Мирқадырова, Зәуреш Ақашева, Әнел Бақыт және Ангелина Романовская сынды шеберлері бар жерлестеріміз сегіз кездесудің жетуінде жеңіске жетіп, бірінші орынды олжалады. Екінші және үшінші сатыға Қазанның «Казаночка» және Өзбекстанның «Хван Ман-Гым» клубы жайғасты.

Ерлер сайысында еліміздің екі командасы бақ сынады. TT Club Karaganda ұжымы бес бәсекенің төртеуінде басымдық танытып, екінші орынды иеленді. Кеншілер қаласы командасының намысын Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров және Эрик Райтер қорғады. Бұл турнирдің бас жүлдесі Барнаулдың «Алтайына» бұйырды. Ал TTC «Astana» клубы алтыншы сатыға табан тіреді. Олар үш ойында жеңіске жете алды.