• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Қараша, 2021

2022 жылы 31 заң жобасы әзірленеді

1748 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында Әділет министрі Марат Бекетаев Заң жобалау жұмыстары жоспарында 31 заң жобасын әзірлеу қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының жобасында 31 заң жобасын әзірлеу көзделген. Оның ішінде бірінші жартыжылдықта Парламентке 11 заң жобасын, ал екінші жартыжылдықта 20 заң жобасын енгізу қажет», деді Бекетаев.

Оның айтуынша, жоспар жобасы Президент белгілеген міндеттер мен мемлекеттің стратегиялық құжаттары негізінде жасалған.

Министр Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексін, «Кәсіби біліктілік туралы» және «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобаларын әзірлеу Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан туындайтынын айтты.

«Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сәйкестікті бағалау және жылу энергетикасына қатысты жаңа заң жобаларын әзірлеу жоспарлануда. «Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес жоспардың жобасы Мемлекет басшысымен келісуге жатады. Жоспар жобасын Президент Әкімшілігіне жіберу ұсынылады», деп түйіндеді Әділет министрлігінің басшысы.