• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қараша, 2021

Ұлттық халық санағы аяқталды

756 рет
көрсетілді

Ұлттық халық санағы аяқталды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлттық халық санағы аяқталды. Санақ ел тұрғындарының барлық санатын қамтыды. Онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-ы өтті. Жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылды. Ел тұрғындары онлайн санақтан өтуге белсене қатысты», деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Оның сөзінше, халық санағына санақ персоналының 25 мыңға жуық адамы, сондай-ақ ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері мен орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.

«Ұлттық статистика бюросы алынған деректерді өңдеуге кірісті. Алдын ала деректерді желтоқсанда ұсынуды жоспарлап отыр. Санақтың қысқаша қорытындысы 2020 жылдың шілдесіне жоспарланған. 2023 жылдың бірінші тоқсанында санақтың толық қорытындысын жариялаймыз», деді Айдапкелов.

Айта кетері, биыл халық санағы алғаш рет электронды форматта өткізілді.

Үкімет басшысы осы маңызды санаққа белсенді қатысқан қазақстандықтарға, сондай-ақ ұлттық статистика бюросының қызметкерлері мен науқанға жұмылдырылған азаматтарға алғыс білдірді.