Белгілі промоутер Эдди Хирн мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасында үшінші жекпе-жек өткенін қалайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әлбетте, кәсіпқой бокс әлеміндегі ең үлкен жекпе-жек – Альварес - Головкин трилогиясы. Бұл Сауль Альварес үшін ең үлкен шайқас екені даусыз. Алайда Сауль не істегісі келсе де өзі біледі. Екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион атағын қорғай ма, жартылай орта салмаққа ауысып сол жақта абсолютті әлем чемпионы болғысы келе ме? Мұның бәрі өзінің жеке шаруасы. Дәл қазір «Канело» мен Эдди Рейносо – бастық. Біз бірнеше нұсқа ұсынамыз. Шешімді өздері қабылдайды», деді ол өз ойымен бөлісіп.
Расында да бокс әлемінде бұдан өткен үлкен шайқас жоқ екені анық. Альварес те мұны жақсы біледі. Бірақ Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуға тәуекелі жете ме? Ол жағы беймәлім.