• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2014

Банктер туралы жалған ақпарат таратқандардың есімі белгілі болды

290 рет
көрсетілді

Еліміз банктері туралы жалған ақпарат таратқандардың есімі белгілі болды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Соңғы күндері жұртшылыққа ұялы телефон немесе кейбір сайттар арқылы еліміз банктерінің жабылуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Мұның ақыры банктердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, көпшіліктің алаңдатушылығын туғызған болатын. Осыған орай, банктердің жауапты тұлғалары ел ішін араңдатқандардың есімін білуді сұрап, құқық қорғау органдарына талап-арыз түсірді. Прокуратура мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тексеруі нәтижесінде,  «Signum» заң фирмасы» ЖШС қызметкерлері Әбілқайыр Нақыпов, Виктория Трофимович пен Әйгерім Адасбаеваның банк туралы жалған ақпарат таратуға тікелей қатысы болғаны анықталды. Оларға дәйексіз хабарды бұрын «Банк Центр Кредит» банкінде қызмет істеген Дархан Сабденов айтқан екен. Оның осы әрекетіне байланысты іс қозғалып, 20 тәулікке қамауға алу туралы сот шешімі шықты. Ал Алматы қаласында орналасқан «Банк Центр Кредит» өздеріне келген шығынды өндіру жөнінде сотқа талап-арыз жазды. Тексеру барысында жалған ақпарат таратқан Д. Сабденовтің үстінен бұдан бұрын Қылмыстық кодекстің 251-бабының 2- бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Алайда, құқық қорғау қызметкерлерінің айтуы бойынша, бұл іс заңға қайшы қысқартылған. Сондықтан аталған іс қосымша тергеуге жіберілді. Ал жоғарыда аттары аталған қалған араңдатушыларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Алматы қалалық прокуратурасы Фото:Telekomza.ru.  
Соңғы жаңалықтар