ЕО соты еуропалық комиссияның Google-ге 2,8 миллиард айыппұл салу жөніндегі шешімін мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еуропалық жалпы юрисдикция соты Еуропалық Комиссияның Google-ге монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 2,4 миллиард еуро (2,8 миллиард доллар) айыппұл салу туралы шешімін қолдады.
Еуропалық басылымдардың жазуынша, 2017 жылдың маусым айында Еуропалық Одақтың (ЕО) атқарушы органы интернеттегі іздеу жүйелері нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін Google-ге 2,4 миллиард еуро айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Компанияның бөлімшесі бұл шешімге жоғарғы сотта қарсы шықты.
Содан кейін корпорацияның бас кеңесшісі Кент Уокер: «Google Еуропалық Комиссияның шешімін құрметтейді, бірақ келіспейді» деп мәлімдеді және компанияның нарықтағы әрекеттері жарнама берушілер үшін де, пайдаланушылар үшін де пайдалы екенін айтты. Алайда, жалпы юрисдикция соты үкімді күшінде қалдырды. Шешімге шағымдануға және ЕО Жоғарғы сотына жіберуге болатындығы айтылды.
8 қараша күні Мәскеудің Таганский аудандық соты Ресейде тыйым салынған ақпаратты өз ресурстарынан алып тастаудан бас тартқаны үшін Google және Telegram-ға алты миллион рубль айыппұл салғаны белгілі болды. Атап айтқанда, Google екі миллион төлеуге міндеттелді, ал Telegram-ға төрт миллион айыппұл салынды.