• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қараша, 2021

12 қарашада ТМД Үкімет Басшыларының кеңесі өтеді

824 рет
көрсетілді

12 қарашада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы бейнеконференция байланысы форматында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшылары ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, уран өндіруші өндірістердің әсеріне ұшыраған аумақтарды қалпына келтіруге, теміржол көлігін дамытуға қатысты тақырыптарды талқылайды.

Бұдан басқа, ТМД Үкімет Басшылары Кеңесі жанындағы жауынгер-интернационалистер істері жөніндегі комитеттің төрағасы туралы шешім қабылдау, ҮБК-нің келесі отырысының өтетін күні мен орнын айқындау жоспарлануда.

Сондай-ақ, отырыста 2022 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы бекітіледі деп күтілуде.