• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2014

Республикамыздың кейбір аймақтарында қатты аяз болатыны ескертілді

340 рет
көрсетілді

Бүгін, 24 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен қатты аяз болады. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады. Еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық ауаның ауысуына байланысты ауа райы құбылмалы болады. Сондай-ақ бірқатар өңірлерде қарлы бұрқасын болып, жел күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ болуы да мүмкін. Мәселен,Шығыс Қазақстан облысының кей аймақтарында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, боран болуы ықтимал. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болатыны айтылды. Осы аймақта желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Бүгін түнде Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болуы ықтимал. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы. Фото: Ria.ru.  
Соңғы жаңалықтар