• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2014

Қызылорданың үйлерін су шайып кетті

347 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының Жаңақорған кентінің шығыс жақ беткейінде орналасқан тұрғын үйлерді су шайып кетті. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады. Әзірге шамамен 30-40 тұрғын үйді су басқаны мәлім болды. Осыған орай, оқыс оқиғаның зардабын қалпына келтіру мақсатында арнайы топ құрылды. Олар шығын көлемін де анықтауға кірісіп кетті. Ал тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Түс мезгілінде бізге таудан аққан судың Жаңақорған ауданы тұсындағы көпірден бөгелгені туралы дерек келіп түсті. Осыдан бір аптадай бұрын Сырдария өзені арнасынан асуы себепті, Оңтүстік Қазақстан облысындағы малдар суға батып өлген болатын. Сол кезде тұрғындар жергілікті әкімшілік тарапынан ешқандай ескерту болмағанын мәлімдеді. Шенеуніктер болса, орлардың көмек сұрамағанын айтып отыр. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Қазақстан»,«Астана» телеарналары. Фото: «Қазақстан» телеарнасы.