Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары көңіл көншітерліктей нәтижеге қол жеткізген болатын. Ұлттық құраманың тамаша табысы назардан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапаттау рәсімінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжановқа ризашылығын білдіріп, оған 1,4 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде иеленіп, жалпыкомандалық есепте 2 орынға тұрақтаған болатын.