• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 11 Қараша, 2021

ҚР Жоғарғы сотына жаңа судья сайланды

296 рет
көрсетілді

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының жаңа судьясы сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Конституцияға сәйкес ҚР Президентінің ұсынымымен Жоғарғы соттың судьяларын сайлау және қызметінен босату Сенаттың айрықша құзырына жатады. Осы ретте Мемлекет басшысы сіздердің қарауларыңызға Жоғарғы соттың судьясы қызметіне Берік Төлеутайұлы Нәжімиденовті сайлау туралы ұсыным енгізді. Б. Төлеутайұлы қаржылық бақылау, мемлекеттік аудит саласында тәжірибесі мол маман. Соңғы бес жыл Қаржы министрлігінде жемісті қызмет етті», деді ҚР Президентінің Парламентіндегі өкілдігінің басшысы Бейбіт Исабаев.

Осы орайда аталған кандидатты сайлау туралы Сенат қаулысы дауыс беруге шығарылды. Палата депутаттары ашық дауыс беру арқылы аталған кандидатты қолдау туралы шешім шығарды.

Жаңа қызметке сайланған судья Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.

Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов 1979 жылы туған, жоғары заңгерлік білімі бар. 2002 – 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы – жетекші бақылаушы-ревизоры, бас маманы – бас бақылаушы-ревизоры, № 5 бақылау бөлімінің бастығы, № 3 бақылау бөлімінің бастығы, Қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары.

2012 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Бақылау іс-шараларын талдау, жоспарлау, есептілік басқармасының басшысы. 2014 жылдан бастап Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бастығы.

2016 жылы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы.