• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қараша, 2021

Түркістан облысында пошта бөлімшесінен 35 миллион теңге ұрланған

168 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері Сарыағаштағы пошта бөлімшесінен 35 миллион теңге ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарыағаш АПБ-не пошта бөлімшесінің қызметкері белгісіз біреулер мекемеге тиесілі 35 миллион теңгені ұрлап кеткенін айтып, арызданған. Бұл деректі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеген.

Көрсетілген мекенжай бойынша оқиға орнына барған тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият тексеріп, басқа заттай дәлелдемелерді зерттеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері пошта қызметкерлерінің бірі болып шыққан күдіктіні анықтады.

Сондай-ақ, тергеу барысында жедел уәкілдер күдіктіге қылмыс жасауға көмектескен оның екі серіктесін анықтады. Олардың бірі - жергілікті тұрғын, ал екіншісі - Семей қаласының тұрғыны.

Пошта қызметкері екі серіктесімен бірге алдын ала келісіп, алаяқтық жолмен мекеме қорынан ақша ұрлап, оны өз шотына аударған. Ұрланған ақшаны өзара бөліскен.

Қазір бұл қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.