• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қараша, 2021

Екпе алған миллионыншы алматылық

119 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда Алматы қаласында коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны миллионға жетіп жығылса, миллионыншы болып екпе алған азамат – №22 қалалық емханаға тіркелген 29 жастағы Самал Оқапова. Ол БЦС сырқатына шалдықса да, денсаулығы үшін екпе салдырған.

«Вакцинаны өз еркіммен алдым. Ешкім мені мәжбүрлеген жоқ. Таңертең емханаға келіп, екпе алғаннан кейін жарты сағат бойы дәрігерлердің қарауында болдым. Аллергия, басқа да кері әсері бола ма деп ойлап едім, ештеңе байқалмады. Қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін. Ойламаған жерден вакцина алған қаланың миллионыншы тұрғыны болғаныма қуаныштымын. Әр адам азаматтық парызы ретінде екпе алғаны дұрыс», дейді көңілі жайланған Самал.

Алматы қаласында 7 қарашаға дейін 1-компонентті 1 002 324 адам, 2-ком­понентті 940 084 адам алды. Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарт кісілер 121 018 адамды құрайды.

Бүгінде қаладағы медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарлар мен сауда ойын-сауық орталығында 137 егу пункті жұмыс істейді. Бұл ретте вакциналау пунктін­де суық тізбектің режімін сақтау қатаң бақыланады, бұл вакцинаның тиімділігіне әсер етеді. Сонымен бірге Pfizer вакцинасын алуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни мұздатқышты орындар даярланып, логистика және вакциналарды сақтау алгоритмдері пысықталды, әр кезеңде жауапты тұлғалар анықталды. Оған қоса медициналық қызметкерлер оқытылуда. Қала әкімдігі екпе қарқынын одан әрі арттыру жұмыстарын жалғастырды. Айталық, 10 қарашада 1-компонентпен 1 468 адам, 2-компонентпен 2 030 адам вакциналанды.

Бүгінгі таңда Алматының медицина ұйым­дарында, мәдениет, спорт объекті­лерін­де, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вак­циналау пункті жұмыс істейді. 205 вак­ци­налау бригадасында 733 медицина қызметкері жұмылдырылған.

 

АЛМАТЫ