• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Қараша, 2021

Кириллдің қарқыны қуантады

276 рет
көрсетілді

Соңғы кездері үстел теннисінен өткен бірқатар халықаралық турнирдегі тәуір нәтижесі арқылы Кирилл Герасименко әлемдік рейтингте бірден бес сатыға жоғарылады.

Қазіргі кезде ол 41-орынды иеленуде. Осы орайда, Герасименкоға дейін Қазақ­станның бірде-бір үстел теннисшісі дәл осындай биікке көтерілмегенін айта кеткен абзал. Еліміздің екінші ракеткасы Айдос Кенжеғұлов ITTF 376-орында тұрса, Жамал Бекұлан 387-сатыға жайғасты. Ерлердің әлемдік рейтингінде Қытайдың үш бірдей сайыпқыраны көш басында келеді. Олар – Фан Чженьдон, Ма Лун және Сюй Синь. Жапониялық Томакадзу Харимото мен бразилиялық Хьюго Калдерано төртінші және бесінші орындарды иеленуде.

Әйелдер рейтингіндегі «ТОП-10» ойын­шының жетеуі Қытай өкілдері. Алғашқы екі орынды Чен Мен мен Сунь Инша өзара бөлісуде. Үшінші орында – жапо­ниялық Мима Ито. Ал жерлестеріміздің арасындағы ең үздік көрсеткіш Анастасия Лаврова мен Зәуреш Ақашеваға тиесілі. Олар 167 және 170-сатыларға тұрақтады.