• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Бокс 12 Қараша, 2021

Жарыс кейінге шегерілді

282 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың 6-9 желтоқсаны күн­дері Түркияның Ыстанбұл қала­сында өтуге тиіс бокстан әйелдер ара­сындағы әлем чемпионаты кейінге шегерілді.

Жер-жаһанда пандемияның қайта өршуіне байланысты күні кеше ғана Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) басшылығы осындай шешім қабылдады. Және де осы ақпаратты олар өздерінің ресми сайтында жариялады. «Кейбір кома­ндалардың әлемдік додаға тыңғылықты даярланғанын жақсы білеміз. Осы жағымсыз жаңалықты естіген бетте олардың көңілдері су сепкендей басылатыны анық. Әрине, біз оларды жақсы түсінеміз. Бірақ біздер үшін ең бастысы – спортшылар мен бапкерлердің және осы саланың басы-қасында жүрген азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі. Сол себепті де осындай қадамға баруға мәжбүр болып отырмыз», дейді АИБА президенті Умар Кремлев.

Сөйтіп, әлем чемпионаты кейінге шеге­рілді. Шамасы ол келесі жылы сол Ана­долы елінде өтеді. Бірақ аталған жарыстың жа­лауы нақты қай уақытта желбірейтіні әлі нақ­тыланған жоқ.