• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қараша, 2021

Кеншілер «АрселорМиттал Теміртау» басшылығына 12 талап қойды

273 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларының мәселесін шешу үшін келісім комиссиясы өз жұмысын бастады. Оны өңір басшысы Жеңіс Қасымбек басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«АрселорМиттал Теміртау» барлық шахталарының қызметкерлері «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшылығының алдына өз талаптарын қойып отыр.

Осыған байланысты кеншілердің мәселелерін қарау үшін келісім комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына компания басшылығы, мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың және әр шахтаның бастамашыл жұмысшылар тобының өкілдері кірді.

«Қазір еңбек ұжымдарын толғандыратын бірқатар проблемалар бірінші орынға шықты. Біз бастамашыл топпен бірге компания басшылығымен талқылағымыз келетін мәселелер тізімін құрдық», деді «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев.

Ол 12 тармақтан тұратын сұрақтар тізімін атап өтті. Олардың арасында еңбекақыны көтеру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шахталарды материалдық-техникалық жабдықтау бар.

«Біз «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша маңызды әділ шешімдер қабылдауымыз керек. Біз бәріміз кәсіпорындарымыздың тұрақты және қауіпсіз жұмыс істегенін қалаймыз. Ең алдымен қызметкерлердің мүдделері ескерілуі тиіс», деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетейік, 7 қарашада «Абай» шахтасында кенеттен метан тарап, нәтижесінде 6 кенші қаза тауып, екеуі зардап шеккен болатын.