• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қараша, 2021

Демалыс күндері ауа райы жауын-шашынды болады

239 рет
көрсетілді

Синоптиктер 13-15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

13-15 қарашада Қазақстандағы ауа райын солтүстік-батыс циклонның терең жырасы және онымен байланысты фронтальды бөлімдер айқындайтын болады.

Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, елдің барлық өңірлерін жыра қамтиды, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.

«Батыста ауа температурасы түнде 5 аяз–3 жылу, күндіз 3 аяз–10 жылу, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыс пен орталықта түнде 1-10 аяз, күндіз 5 аяз–7 жылу, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 1-10 аяз, күндіз 2-10 жылу болжанады», деп жазады «Қазгидромет» РМК.