Орта салмақтағы қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (АҚШ) 20 қараша күні әлемнің экс чемпионы Хассан Ндам Нжикаммен шаршы алаңда кездеседі. Ресейлік спорт сарапшысы Руслан Королев қазақстандық боксшының алдағы шайқасына қатысты болжам жасады деп хабарлайды Egemen.kz. Sports.kz.сайтына сілтеме жасап.
«Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңеді деген пікірдемін. Алайда таза нокаутпен ұтпауы ықтимал. Хассан – тәжірибелі боксшы. Ол көп соққы жіберген жағдайда жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаутпен жеңілуі мүмкін. Осылайша ол Жәнібектің жарқын мәнердегі жеңісін ұрлап кетуі бек мүмкін», деді ол өз ойымен бөлісіп.
Букмекерлік кеңселер бұл жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетеді дегенге 1,05 коэффициент ұсынса, Хассан ұтады дегенге 8,5 коэффициент беріп отыр.