• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қараша, 2021

Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы ұзарды

232 рет
көрсетілді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Жоғарыда аталғандарды назарға ала отырып, қазіргі бұлтартпау шараларын өзгертуге негіз болатын себептердің жоқ екенін ескеріп, сот шешімге келді. Е.Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімін ұзарту туралы өтініші негізді деп ұйғарды. Осылайша сот күдікті Е.Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімін 2 айға дейін ұзарту керек деп есептейді. Үйқамақта ұстау мерзімі 2021 жылдың 14 қарашасынан 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін есептеледі», деді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева.

Еске салсақ, былтыр бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынған болатын. Оған қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.